БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

Департаменттің құзыреттерінің бірі- білім беру ұйымдарына білім беру қызметі мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты  жүргізіледі. Бұл білім беру қызметіндегі өзекті мәселелерді талқылау бойынша кеңестер, семинарлар, кездесулер, әңгімелер.

Сонымен қатар, мектепке бару барысында Департамент қызметкерлері  білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүргізу тәртібін, оны жүзеге асыру кезінде білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерін пайдалануды түсіндіреді.

Департамент қызметкерлері мектеп басшылары мен олардың орынбасарларына әдістемелік көмек көрсетілді, мемлекеттік аттестаттау мәселелері бойынша, оның ішінде білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, нәтижелі білім беру үдерісіне жағдай жасау бойынша түсініктемелер берілді.