ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ӨТТІ.

Негізгі тақырыбы: Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша тәжірибелерімен бөлісу. Жобада қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету міндеті белгіленген. Осы бағытта жасалып жатқан жоспарымен колледж директорлары пікір алмасты, сонымен қатар Қостанай қаласының жолкөлігі колледжінің директоры Д.И.Павленко Финляндия елінің тәжірибесі туралы ақпарат беріп, бірқатар ұсыныстар енгізді.
Күн тәртібінде қарастырылған тағы бір сұрақ: 2023 жылы өткізілетін мемелекеттік аттестация туралы. Мұнда «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің № 486 бұйрығы бойынша енгізілген жаңашылдықтар туралы ақпарат берілді.
Жалпы келесі жылы өңір бойынша техникалық және кәсіптік білім жүйесінен мемелекттік аттестациядан өтетін 31 колледж белгіленіп отыр.