2025 жылдың қорытындысы Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы лицензиялау нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша Қостанай қаласының білім беру ұйымдарымен семинар-кеңес

2025 жылдың қорытындысы Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы лицензиялау нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша Қостанай қаласының білім беру ұйымдарымен семинар-кеңес

2027 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын лицензиялау басталады. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2025 жылғы 27 қарашадағы № 268 бұйрығына келісе, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілді. 2026 жылғы 30 қаңтарда Қостанай қаласының білім беру ұйымдарымен семинар-кеңес шеңберінде Департамент қызметкерлері 2025 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызметтер саласындағы қызмет нәтижелері туралы есепті жария талқылау өткізді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметке лицензиялау нормалары мен біліктілік талаптары түсіндірілді.