Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтау мәселелері бойынша кеңесі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтау мәселелері бойынша кеңесі

Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтау мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес барысында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен нығайтудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтаудың, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің заңдылық, ашықтық және парасаттылық қағидаттарын мүлтіксіз ұстанғаны үшін жеке жауапкершілігінің негізгі аспектілері қаралды.

Департамент басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне нұқсан келтіретін бұзушылықтарды болдырмау маңыздылығын атап өтті.