Департаменттің мемлекеттік қызметшілері «Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ, Қостанай облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының, Қазақстан Республикасының Қостанай облысы бойынша терроризмге қарсы орталығының қызметкерлерімен кездесті

Жарияланған күні: 03 ақпан 2026

Алдын алу және түсіндіру іс-шаралары шеңберінде Департаменттің мемлекеттік қызметшілері «Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ, Қостанай облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының, Қазақстан Республикасының Қостанай облысы бойынша терроризмге қарсы орталығының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында террористік тұрғыдан осал нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

Мемлекеттік қызметшілерге жалған терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар, осы қылмыстарды жасаудың ерекшеліктері туралы, құқық қорғау және арнайы органдардың шаралары туралы ақпарат жеткізілді, жасалған қылмыстардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың статистикасы келтірілді.

Кездесуге қатысушылар интернетте қауіпсіз мінез-құлықты қамтамасыз ету, білім беру нысандарының қорғалу деңгейін арттыру, қауіпсіздік деңгейін арттыру және азаматтарды қорғауға бағытталған террористік қауіп-қатердің алдын алу шаралары туралы мәселелерді талқылады.