«QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі


Бүгін Қостанай ғылым мен технологияның орталығына айналды — мұнда «QOSTANAI TECH» отбасылық фестивалі өтуде.
Таңнан бастап «Жастар сарайына» келушілер көптеп жиналды: интерактивті алаңдар, киберспорт, робототехника және қатысушылар болашақ мамандықтарын сынап көретін VR/AI-аймақтар жұмыс істеуде. Ал ашық алаңда — әсерлі ғылыми шоулар, тәжірибелер және Tesla шоуы.
Фестиваль мыңдаған қонақты жинап, Қазақстан мен шетелдің жетекші сарапшыларын біріктірді. Мұнда жаңалыққа, идеяға және шабытқа толы ерекше атмосфера қалыптасқан.
Оқиға күні
29 сәуір 2026
Оқиға түрі
Фестиваль