« Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ (бұдан әрі-Департамент) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» № 483 бұйрығы арқылы жүзеге асырылады.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі заңды тұлғаларға электрондық үкімет порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы көрсетіледі. 2025 жылдың 12 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 504.
2025 жылы оң көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 502, оның ішінде:
Лицензия және лицензияға қосымша беру- 6 (Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернат» Қостанай арнайы кешені» КММ; Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің №1 Заречный жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 32 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 7 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Olzha High School» ЖШС);
-лицензияға қосымша беру-8 (Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернат» Қостанай арнайы кешені» КММ-негізгі орта білім беру; Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай автомобиль көлігі колледжі» КМҚК - 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша), 06120200 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері), Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК-06130100 Бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша) мамандығы бойынша, техникалық және кәсіптік білім бойынша 06120200 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, «Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжі» мекемесі-04130100 Менеджмент (салалар және қолдану салалары бойынша), Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің № 21 гимназиясы» КММ - жалпы орта білім беру, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай құрылыс колледжі» КМҚК-07320300 Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері)
– лицензия және (немесе) оған қосымшасы қайта ресімделді-488 (мектеп – 454, ТжКБ-34).
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны-2, оның ішінде:
– лицензия және қосымшасын беруден бас тарту- (Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернат» Қостанай арнайы кешені» КММ, «Olzha High School» ЖШС);).
2025 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу болмады. Есепті кезеңде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары тіркелген жоқ.