2025 жылы Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 24 бақылау шараларын, оның ішінде 2 қосымша білім беру, 5 мектепке дейінгі және 17 жалпы білім беру ұйымына жүргізді. 24 тексерудің ішінде 4-і бару арқылы профилактикалық бақылау, 3-і талаптарға сәйкестігін тексеру, 17-сі жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен құқық қорғау органдарының тапсырмалары негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексерулер.
Тексеру нәтижелері бойынша білім беру саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтары 15 білім беру ұйымында анықталып, бұзушылықтарды жою туралы 15 нұсқама берілді, 13 әкімшілік іс қозғалды.
2025 жылы Қостанай облысының білім басқармаларына қатысты 4 жоспарлы және 1 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындылары бойынша қолданыстағы заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталып, бұзушылықтар көрсетілген қорытындылар берілді.
2025 жылы Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ішкі аудит жүргізіп, нәтижесінде заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталып, қорытынды берілді.