Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін тиімді атқаруда өздерінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті.
Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызметшілері жүргізген белсенді түсіндіру жұмыстары тұрақты кері байланысты қамтамасыз етуге, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелерін халыққа түсіндіруге ықпалын тигізеді.
Департамент қызметкерлері өз құзыреті шегінде білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша әдістемелік, консультациялық көмек көрсетеді, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша білім беру және лицензиялау саласындағы заңнама нормаларын түсіндіреді, педагогтардың құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдай отырып, азаматтардың өтініштерін қарайды.
Департаменттің мемлекеттік қызметшілер ұжымында өз білімін жетілдіруді дәріптеу, жұмысты ұйымдастыруды жақсарту мен лауазымдық міндеттерін орындау сапасын арттыру үшін қажетті білімді, дағды мен іскерлікті дамыту бойынша жұмыс ұйымдастырылды.
Өз білімін жетілдіру, жаңа білімді және құзыретті болу, өз жұмысының нәтижелері үшін жауапкершілікті арттыру міндеттерін шешуге: кездесулер; білім беру және лицензиялау саласындағы заңнама мәселелері, құқық қолдану практикасы бойынша дөңгелек үстелдер, семинар-кеңестер тиімді әсерін тигізеді.
Олар кәсіби қызметті жақсартуға мүмкіндік беруде пікір алмасу және проблемалық мәселелерді талқылау үшін ой-пікір алаңын береді.
Мемлекеттік қызметшілер жобаларды әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысады, білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді, сол арқылы өздерінің кәсіби деңгейлерін арттырады.
Департамент қызметкерлері қатысқан соңғы жобалардың бірі білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттау ережесі, білім беру жүйесін тексеру парақтарына ұсыныстар беру болып табылады.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Департаменттің мемлекеттік қызметшілер өз жұмыстарында жасанды интеллектіні тиімді қолдану бойынша AI Qyzmet базалық курсынан өтті.
Кәсіби өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру жөніндегі тұрақты жұмыс, цифрлық ресурстардың жаңа мүмкіндіктерін пайдалану мемлекеттік органның қойған міндеттерді шешудегі тиімділігі мен нәтижелілігін арттырады.