Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі әдеп нормаларын ілгерілетуге, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауға, мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруға, оның қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Есептік кезеңде Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік қызметкерлерге, азаматтарға жеке кеңес беру бойынша келесі көмек көрсетті: 33 жеке кеңестер өткізіліп, оның ішінде 15 – мемлекеттік қызметкерлер үшін мемлекеттік қызмет мәселелері, бейінді мәселелер бойынша жеке кеңес беру көмегі, 18 – азаматтарға бейінді мәселелер бойынша жеке кеңес берілді.
Әдеп жөніндегі уәкіл азаматтардың 10 өтінішін қарады – Департаменттің мемлекеттік қызметкерлері, педагогтар, білім алушылардың ата-аналары. Әдеп жөніндегі уәкілге жеке қабылдауға жүгінген азаматтарға өтініштер мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Мемлекеттік бақылау, педагогтарды аттестаттау, арнайы пәндер оқытушысы лауазымына орналасу үшін диплом бойынша білімінің сәйкестігі, мектепке қабылдау, мектеп басшыларының бос лауазымдарына орналасу бойынша конкурстық рәсімдер, халықпен жұмыс істеу, ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының нормалары туралы сұрақтар болды.
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінде бұқаралық ақпарат құралдарының алаңдары, әлеуметтік желілердің ресми парақтары пайдаланылады. Есепті кезеңде барлығы интернет-ресурстарда 42 жарияланым, оның ішінде: 29 жарияланым – мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында (ресми сайт), 13 жарияланым - әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда орналастырылды.
Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің оң жұмыс тәжірибесі туралы материалдар мемлекеттік органның интернет-ресурстарының ресми парақшаларында жарияланған.
Қостанай облысының білім сапасын қамтамасыз ету Департаментінде қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасы және Әдеп кодексі бойынша, қызметтік әдеп нормаларын сақтау туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Бұл ақпараттық технологиялар мен медиа-ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әңгімелесу, семинарлар, қызықтыратын мәселелер бойынша сырттай кеңестер, кездесулер.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары шеңберінде департаментте 62 іс-шара өткізілді, оның ішінде 20 - семинарлар, кеңестер, әңгімелесулер, баспа БАҚ-та 1 мақала, ресми интернет-ресурстарда 42 жарияланым.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды іске асыру шеңберінде Департамент қызметкерлері 2025 жылдың 21 ақпанында «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті «№76 мекемесі» РММ (Тергеу изоляторы) барды.
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Департаменттің мемлекеттік қызметшілері үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және қарау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінің нормаларын сақтау мәселелері бойынша оқыту семинарларын өткізді.
Профилактикалық іс-шаралар аясында департаменттің мемлекеттік қызметшілері мен Қостанай облысының ІІолиция Департаментінің қызметкерлері арасында кездесу ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылғы 2 желтоқсанда Департаменттің мемлекеттік қызметшілері «Адал Азамат» бағдарламасының іс-шаралары шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған бейнеконференцияға қатысты.
Департаменттің мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған Zoom конференция форматындағы семинар-кеңестерге қатысты: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) алдын алу қызметінің қатысуымен (04.03.2025); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) өкілдерінің қатысуымен (22.04.2025); Бас прокуратура өкілдерінің қатысуымен (23.04.2025); Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен (тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу) (04.06.2025 года); заңнамадағы жаңалықтар мәселелері бойынша ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдерін шақыру (21.11.2025).
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Департаменттің мемлекеттік қызметшілер өз жұмыстарында жасанды интеллектіні тиімді қолдану бойынша AI Qyzmet базалық курсынан өтті.
Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұжымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша «Мемлекеттік қызметшілердін қызметтiк әдеп нормаларын сақтауы туралы» мемлекеттiк органның интернет-ресурсында бейнеролик орналастырылған.
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ Департамент ұжымындағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының м.а. 2017 жылғы 4 тамыздағы № 156 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес Әдеп жөніндегі уәкілдер мемлекеттік қызметкерлерге анонимді сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері Департамент ұжымында тұрақты қолайлы моральдық-психологиялық ахуал орнатылғанын көрсетті.
Мониторинг нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің мемлекеттік қызметкерлеріне қатысты теріс жарияланымдар, қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтары болған жоқ.
Департаментте мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтары болған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілер өзінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында біліктілікті арттыру курстарына қатысады.
Департаменттің мемлекеттік қызметкерлері білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне білім беру қызметінің мәселелері бойынша жеке кеңес беру және әдістемелік көмекті жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік қызметте әдептілік нормаларды насихаттау бойынша департамент қызметкерлерінің алдында тұрған міндеттер бойынша мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін, жалпы қабылданған моральдық-әдептік нормаларға сәйкес келетін қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру, қызметкерлердің оң жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, мемлекеттік қызметшінің беделін көтеруге бағытталған материалдарды жариялау.
Мемлекеттік қызметте әдептілік нормаларды насихаттау және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде бекітілген әдеп қағидаттарының түсіндіру жұмыстар