МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ: СТРАТЕГИЯДАН ПРАКТИКАҒА
«МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ: СТРАТЕГИЯДАН ПРАКТИКАҒА» тақырыбында мектеп басшыларына арналған үш күндік семинар өткізілді.
Семинардың басты мақсаты – тұрақты білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін мектеп басшыларының сапа менеджменттегі құзыреттерін дамыту.
Семинар аясында Департамент басшысы Ш.К.Акпарова «Мектеп қызметінің сапасын басқару: сапаны қамтамасыз ету қағидаттары мен әдістері және мониторинг пен бағалауды ұйымдастыру», «Мектепішілік бақылау - міндеттері мен механизмдері: мектепішілік бақылауды ұйымдастыру тәсілдері, бақылаудың құралдары мен рәсімдері» тақырыптарында дәріс оқып, түсіндірме-талдау жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетті.