Мектепке дейінгі білім беру мен оқытуды жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары (құрылтайшылары) назарына!
Қарағанды облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 17-бабының 3 тармағына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан) қызметтерін жүзеге асыруды жалғастыру үшін уәкілетті мемлекеттік органға (департамент) тиісті хабарлама жіберуге міндеттілігін ескертеді.
Хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйемен http://elicense.kz сайты арқылы жіберіледі. Хабарламада және (немесе) хабарламаға қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтердің анықтығы үшін өтініш беруші жауапты болады.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабына сәйкес хабарлама жібермей өз қызметін жүзеге асырып жатқан заңды тұлғалар үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.
Хабарлама беру үшін:
Нормативтік сілтемелер: