Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті көрсететін мемлекеттік қызмет туралы талдамалық анықтама

«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша:

         Атырау облысының білім саласында сапаны қатамасыз ету департаменті «Е-лицензиялау» электронды порталы арқылы «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру»  мемлекеттік қызметін заңды тұлғаларға толықтай электронды түрде көрсетеді.

         2026 жылдың  I тоқсаны бойынша:

         «Е-лицензиялау» порталы арқылы заңды тұлғалардан  барлығы – 10 өтініш келіп түсті.

         Қаралған өтініштер бойынша:

         Берілгені –3;

         Бас тартылғаны - 7; 

         Атап айтқанда:

  • Мемлекеттік лицензия алу үшін заңды тұлғалардан 0 өтініш түсті. Берілгені -0, Бас тартылғаны-0;
  • Мемлекеттік лицензияға қосымша алу үшін заңды тұлғалардан 8 өтініш түсті. Берілгені -1, Бас тартылғаны-7;

         3) Мемлекеттік лицензияны немесе лицензияның қосымшасын қайта рәсімдеу туралы  заңды тұлғалардан 2  өтініш түсті. Қайта рәсімделді – 2, Бас тартылғаны-0.

         «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығы басшылыққа алынады. Осы бұйрықтың талаптарына сәйкес келмеген заңды тұлғалардың өтініштері түскен жағдайда, өтініш берушіге жіберілген қателіктері түсіндіріле отырып, дәлелді түрде бас тартылады. Өтініш беруші заңды тұлға  бұйрықтың талаптарына сәйкес құжаттарын дұрыстап, толықтырып өтінішті қайтадан бере алады.

         «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметі бойынша ақпарат:

         2017 жылғы 19 маусым айынан бастап Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметтін жеке тұлғаларға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті  және Электрондық үкімет порталы (ПЭП) арқылы жүзеге асырады.

2026 жылдың I тоқсанында  барлығы - 40 өтініш келді.

( қаңтар – 12, ақпан – 7, наурыз-21)

Қаралған өтініштер бойынша:

Берілгені  – 31

Бас тартылғаны – 9

Олардың ішінде:

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті арқылы  -  33 келді.

Берілгені – 31

Бас тартылғаны – 2

Электрондық үкімет порталы (ПЭП) арқылы –7 өтініш келді.

Берілгені  – 0

Бас тартылғаны – 7

         Департамент бойынша 2026 жылдың І тоқсанында  «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметтері бойынша келген өтініштерді қарау барысында барлығы 9 құжатқа бас тартылды: яғни құжат көшірмесі-5, ЖОО диплом-2, білім беру ұйымынан шығатын ресми құжат емес – 1, мемлекеттік баж төленбеген үшін-1.

         «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметі бойынша өтініштерді қарау барысында, «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығы басшылыққа алынады.

         Мемлекеттер бойынша 2026 жылдың 3 (қаңтар, ақпан, наурыз) айына: Оңтүстік Корея-13, Түркия – 4, Италия-15, Испания-5, Польша-1, Бельгия-1, Әзірбайжан – 1.

Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша түсіндірме іс-шараларын жүргізіліп тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 апреля 2026