«Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ-і (бұдан әрі – Департамент) (010000 Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 47 «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері:
Бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдану, оларды қозғау және сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;
өз құзыреті шегінде нұсқамада белгіленген мерзімде ҚР Білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы орындау үшін міндетті жазбаша нұсқамалар беру;
білім беру ұйымдарында тексерулер мен профилактикалық бақылаудың санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қабылданған әкімшілік ықпал ету шараларын тұрақты және үздіксіз негізде ведомстволық есепке алуды жүргізу;
тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде бақылау субъектілеріне бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін әзірлеу;
субъектіге бара отырып, тексеруді және профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
ОЛ-1 нысаны бойынша есептілікті қалыптастыру және тапсыру;
әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес азаматтар мен ұйымдардың өтініштері мен шағымдарын қарау
Жалпы біліктілік талаптары: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
«Педагогикалық ғылымдар» немесе «Бизнес, басқару және құқық» (Құқықтану, Мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе «Әлеуметтік ғылымдар» (Әлеуметтану, Саясаттану, Психология) немесе «Ақпараттық-коммуникациялық технологгиялар»
Қосымша талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: мүмкіндігінше педагогикалық
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Орташа лауазымдық айлықақы
236 338
Қажетті құжаттар:
Байланыс үшін: (8717)-2-51-69-85, +7 777 1 809 809
электрондық пошта: dkso_astana01@mail.ru
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
03.02.2024–13.02.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады: dkso_astana01@mail.ru
Астана қаласы, Сыганак көшесі, 47, 601 кеңсе