«Қазақстан Республикасының Оқу -ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз департаменті» ММ-і (бұдан әрі – Департамент) (010000 Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 47 «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері:
Департаменттің өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау функцияларын жүзеге асыру;
меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында ҚР Заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдану, оларды қозғау және сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;
өз құзыреті шегінде нұсқамада белгіленген мерзімде ҚР Білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы орындау үшін міндетті жазбаша нұсқамалар беру;
әкімшілік практика бойынша жұмыс жүргізу, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша деректер базасын қалыптастыру;
білім беру ұйымдарында тексерулер мен профилактикалық бақылаудың санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қабылданған әкімшілік ықпал ету шараларын тұрақты және үздіксіз негізде ведомстволық есепке алуды жүргізу;
субъектіге бара отырып, тексеру және профилактикалық бақылау тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, ол-1 нысаны бойынша есептілікті бақылау және ұйымдастыру;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау және оларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сот органдарына беру;
субъектіге бара отырып, тексеруді және профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың хабардар болуын қамтамасыз ету;
қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұру;
құзыреттер шеңберінде «ЭҚАБЖ», «Е-қызмет», «Е-өтініш» ақпараттық жүйелері және өзге де Ақпараттық жүйелер арқылы жұмыстар жүргізеді;
Жалпы біліктілік талаптары: «Бизнес, басқару және құқық» (Құқықтану, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Менеджмент, Мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе «Педагогикалық ғылымдар» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» (Әлеуметтану, Саясаттану, Психология) немесе «Ақпараттық-коммуникациялық технологгиялар» (Ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) мамандықтарының топтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Қосымша талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «Педагогикалық ғылымдар»
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
Орташа лауазымдық айлықақы
641 091
Қажетті құжаттар:
Байланыс үшін: (8717)-2-51-69-85, +7 777 1 809 809
электрондық пошта: dkso_astana@mail.ru
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
08.01.2024–10.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады: dkso_astana@mail.ru, Астана қаласы, Сыганак көшесі, 47, 601 кеңсе