Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз департаменті "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз департаменті "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім  саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз департаменті» ММ-і (бұдан әрі – Департамент) (010000 Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 47 «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы, санаты - С-О-5, 1 бірлік,

Функционалдық міндеттері:

            білім беру құжаттарын (түпнұсқасын) апостилдеу рәсімін жүзеге асыру;

            Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, талап арызбен сотқа жүгіну;

            мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органдарға тиісті ақпарат беру;            хабарламалық тәртіпті оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде жүзеге асыру;

заңды тұлғаларға білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымша беру немесе лицензияларды қайта ресімдеу жөніндегі рәсімдерді ұйымдастыру және жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қызметті хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметін тоқтата тұру;

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес азаматтар мен ұйымдардың өтініштері мен шағымдарын, оның ішінде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы уақтылы және сапалы қарау.

            Жалпы біліктілік талаптары:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім 

«Педагогикалық ғылымдар»  немесе «Бизнес, басқару және құқық» (Құқықтану, Мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе «Әлеуметтік ғылымдар» (Әлеуметтану, Саясаттану, Психология) немесе «Ақпараттық-коммуникациялық технологгиялар»

Қосымша талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Мемлекеттік және жергілікті басқару

 

  1. Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы, санаты - С-О-5, 1 бірлік,

Функционалдық міндеттері:

бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдану, оларды қозғау және сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;

өз құзыреті шегінде нұсқамада белгіленген мерзімде ҚР Білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы орындау үшін міндетті жазбаша нұсқамалар беру;

білім беру ұйымдарында тексерулер мен профилактикалық бақылаудың санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қабылданған әкімшілік ықпал ету шараларын тұрақты және үздіксіз негізде ведомстволық есепке алуды жүргізу;

         тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде бақылау субъектілеріне бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін әзірлеу;

субъектіге бара отырып, тексеруді және профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

ОЛ-1 нысаны бойынша есептілікті қалыптастыру және тапсыру;

әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес азаматтар мен ұйымдардың өтініштері мен шағымдарын қарау

Жалпы біліктілік талаптары:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім 

«Педагогикалық ғылымдар»  немесе «Бизнес, басқару және құқық» (Құқықтану, Мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе «Әлеуметтік ғылымдар» (Әлеуметтану, Саясаттану, Психология) немесе «Ақпараттық-коммуникациялық технологгиялар»

Қосымша талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: педагогикалық ғылымдар

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Қажетті құжаттар:

 

Байланыс үшін: (8717)-2-51-69-85, +7 777 1 809 809

электрондық пошта: dkso_astana@mail.ru

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.11.2023–07.12.2023

Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады: dkso_astana@mail.ru,  Астана қаласы, Сыганак көшесі, 47, 601 кеңсе