ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің
Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
Ресми құжаттарды апостильдеу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
2025 жылдың төртінші тоқсандағы есебі
Апостильдi қою рәсiмiнiң мақсаты – Гаага конвенциясына мүше-елдердiң аумағында қолдануға арналған апостиленетiн құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресiмделiнуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады.
Департаментке бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде 2025 жылдың төртінші тоқсанда 394 құжатқа апостиль қойылды.
Осы мерзімде келіп түскен өтінімдерге сәйкес шығу елдері:
Италия-148, Австрия-9, Оңтүстік Корея-57, Польша-20, Түркия-31, Испания-25, Чехия-44, Словакия-5, Литва-1, Германия -16, Қытай-3, Грекия-1, Аргентина-3, Венгрия-6, АҚШ-9, Латвия-7, Доминика-3, Нидерланды-1, Швейцария-2, Швеция-1, Япония-1, ЭҮП-1.