БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ЛИЦЕНЗИЯЛАУ, ХАБАРЛАМА ЖАСАУ ТӘРТІБІ
2023 жылдың І тоқсанында (4 қаңтардан 31 наурызға дейін) Департаментке "білім беру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін алуға 43 өтініш келіп түсті, оның ішінде 19 (44,1%) қанағаттандырылды, 24 (55,9%) бас тартылды.
Талдау көрсеткендей, лицензия мен лицензияға қосымшаларды беруден және қайта ресімдеуден бас тартудың негізгі себебі білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу және құжаттардың толық болмауы болып табылады.
2023 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша қаланың 109 мектепке дейінгі ұйымдары өз қызметін бастау немесе тоқтату туралы тиісті хабарлама берді.
Лицензиялауға өтінім беру және «Е-лицензиялау» базасы арқылы қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның қадамдық нұсқаулығы Департаменттің сайтында орналастырылған.
Білім беру қызметін лицензиясыз және лицензияға қосымшасыз келесі мектептер жүзеге асырады: