Білім туралы құжаттарға апостиль қою мемлекеттік қызметі бойынша 1 тоқсанына есеп

Білім туралы құжаттарға апостиль қою мемлекеттік қызметі бойынша есеп

2023 жылдың 1 тоқсанында  Департаментке «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін алуға 512 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 435 өтініш қанағаттандырылды, 77 бас тартылды.

Апостиль қойылған құжаттар жиі жіберілетін елдер қатарында:
Австрия – 25, Венгрия – 15, Германия – 26, Әзірбайжан – 12, Түркия – 100,
Чехия – 50, Италия – 40, Корея – 30, АҚШ – 30, Финляндия – 10, Аргентина – 15, Англия – 15, Испания –12, Греция – 20, Польша – 35.

ХҚКО арқылы келіп түскен өтінімдерді қанағаттандырудан бас тартудың негізгі себебі: шығу елі Гаага Конвенциясының мүшесі болып табылмауы және нотариальды көшірме ұсынылуында.                     

ЭҮП арқылы түскен өтінімдерді қанағаттандырудан бас тартудың негізгі себебі-Регламенттің 1-ші кезеңінде төлем жүргізілмеуінде, 2-ші кезеңде ХҚКО арқылы құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмауында.

 

Білім туралы құжаттарға апостиль қою мемлекеттік қызметі бойынша 1 тоқсанына есеп
Дата публикации
18 апреля 2023