Ақмола облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О. Қ. Қаппасовтың сөз сөйлеуі

2024 жылға білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі-БЛТ) сәйкестікке 87 тексеру жоспарланған, оның ішінде 2 колледж және 85 мектеп. Ағымдағы кезең бойынша облыстың 32 мектебінде БЛТ сәйкестігіне тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша 22 мектепте қойылатын талаптарға сәйкестік анықталды, 10 мектепке анықталған бұзушылықтарды жою үшін нұсқама берілді.
Ақмола облысы прокуратурасының талабы бойынша комиссия құрамында облыстың білім беру ұйымдарына білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының сақталуына, оның ішінде біліктілік талаптары мен қызметтің үлгілік қағидаларының сақталуына кешенді тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша педагогтердің біліктілікті арттыру курстарынан, біліктілік санаттарын беру/растау үшін аттестаттаудан уақтылы өтпегендері бойынша бұзушылықтар анықталды. Қазіргі уақытта бұл бұзушылықтар жойылу үстінде.
Жаңа оқу жылына сапалы дайындалу мақсатында Департамент Облыстың білім беру ұйымдарына кешенді мониторинг жүргізуде. Ағымдағы жылы облыстың 42 мектебінде күрделі жөндеу жүргізілуде, жұмыстар кестеге сәйкес өткізілуде.
Оқулықтардың қамтамасыз етілуі мен жеткізілуіне мониторинг жүргізілуде. Осы жылы сатып алынған оқулықтарды жеткізушілер жасалған шарттарға сәйкес жеткізуде. Қазіргі уақытта қолда бар оқулықтар оқушыларға таратылуда.
Целиноград ауданындағы ашылатын 4 жайлы мектепке: Ақмол, Қараөткел ауылдарында, Талапкер ауылындағы 2 жайлы мектеп және Қосшы қаласында жаңадан ашылатын мектептердің педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізілуде. Жаңа білім беру ұйымы ашылған кезде, оқушылардың белгілі бір контингенті жаңа білім беру ұйымына көшу жағдайында оқушы орындарының тапшылығы кезінде, осы сыныптарда сабақ берген және сыныптық басшылықты жүзеге асырған педагогтерді жұмысқа орналастыру конкурстық рәсімнен өтпей-ақ ауыстыру тәртібімен жүргізіледі.