БССҚЕД басшысы О.К.Қаппасов облыс мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысындағы баяндауы

Ақмола облысыныңы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
Ақмола облысы білім беру саласындағы өзекті және проблемалық мәселелер
Департамент мемлекеттік мекеменің Ережесіне сәйкес білім беру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, білім беру қызметін лицензиялау және білім туралы құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетеді, өз өкілеттіктері шеңберінде облыстың білім беру ұйымдарының білім беру саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізеді.
Мемлекеттік бақылау шаралары: бармай профилактикалық бақылау нысанында жүргізілетін білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау; бару арқылы профилактикалық бақылау; өтініштер бойынша жоспардан тыс тексерулер.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жоспарланған 170 білім беру ұйымының 70 -де (41%) мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Аттестаттау 29 балабақшада (25 мемлекеттік және 4 жекеменшік), 21 мемлекеттік мектепте, 20 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (14 мемлекеттік және 6 жекеменшік) өткізілді.
Білім деңгейлері бойынша аттестаттау қорытындылары: бірден 4 колледж (Көкшетау қ. «Біржан сал атындағы музыка колледжі» МКҚК, «Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК, «Жоғары техникалық колледж» МКҚК, «Бурабай» колледжі мекемесі) және 4 мемлекеттік балабақша (Аршалы к. «Светлячок» балабақшасы), Есіл ауданы Заречный а. «Айналайын» бөбекжайы, Көкшетау қ. «Зерек» бөбекжайы және Степногорск қ. «№4 «Арман» балабақшасы) аттестатталды.
21 мектеп пен 25 балабақша мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген және білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмейді.
Мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде анықталған негізгі бұзушылықтар:
- өзін-өзі бағалаудың сапасыз емес материалдарын ұсынуы
- жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келмеуі;
- тиісті бейіндер бойынша педагогтермен қамтамасыз етілмеуі;
- біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
-бітіру сыныптарының оқушыларына тестілеу жүргізу кезінде шекті деңгейден өтпеуі;
-біліктілікті арттыру курстарынан өту мерзімдерін сақтамау;
-әр түрлі жастағы мектепке дейінгі топтардағы ұйымдастырылған қызметтің сәйкес келмеуі;
-балаларды топтарға жинау кезінде жас кезеңінің бұзылуы.
Бұзушылықтарды жоюды ескере отырып, қайта аттестаттау кезінде: 20 колледж, 8 балабақша, 16 мектеп аттестатталды, қалған ұйымдарда бұзушылықтарды жою мерзімі келген жоқ.
2021 және 2022 жылдардағы мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша облыстың 7 мектебі қайта аттестаттаудан өтпеді (Зеренді ауданы Алексеевка а.№2, Сейфуллин а., Өзен а, Қостомар а., Бурабай ауданы Қарабауыр а., Ерейментау қ. №3, Сандықтау ауданы Новоромановка а. мектептері).
Мемлекеттік қайта аттестаттауды өткізу кезінде жойылмаған бұзушылықтар:
-педагогикалық құрамға үлгілік қағидалардың талаптары -3 мектеп;
-біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі -2;
-бітіру сыныптарының оқушыларына тестілеу өткізу кезінде шекті деңгейден өтпеген -2 мектеп (1 -негізгі және 1- орта мектеп).
«Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген білім беру ұйымдары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды бере алмайды.
2023 жылдың екінші жартыжылдығында тәуекел дәрежесін бағалау нәтижелері бойынша жоғарыда аталған 7 қайта аттестатталмаған мектеп бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету
Ағымдағы жылдың 1 маусымына Департаментпен лицензиялау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді, барлығы: 58, оның ішінде лицензиялар – 0, қосымшалар – 21 берілді, қайта ресімделді – 20, бас тартылды – 17.
Барлық 58 өтініш қаралды, олардың нәтижелері бойынша:
ТжКБ ұйымдары:
– лицензиялар берілді-0.
- лицензияға қосымшалар берілді-21.
- қайта ресімделді-16.
- бас тартылды-7 (Көкшетау қ. Жоғары техникалық колледж, Аршалы к. Агротехникалық колледж; Жаңаесіл а. Агротехникалық колледж; Щучинск қ. Жоғары техникалық колледж; Степногорск қ. Жоғары колледж; Көкшетау қ. Құрылыс-технологиялық колледж).
Жалпы білім беретін мектептер:
– лицензиялар берілді-0.
- лицензияға қосымшалар берілді-0.
- қайта ресімделді-4.
- бас тартылды-10 (Көкшетау қ. №1 арнайы мектеп-интернаты; «Алатау School» ЖШС мектебі, Целиноград ауданы Қараменді а.мектебі, Қосшы қ. мектеп-лицейі, Зеренді ауданы Бәйтерек а. мектебі, Степногорск қ. облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты).
Лицензия беруден және лицензияға қосымшадан бас тартудың негізгі себебі білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, құжаттардың толық емес топтамасын бірнеше рет ұсыну болып табылады.
2022-2023 оқу жылының басында 2 мектеп ашылды (Қосшы қ.IT мектеп-лицейі» КММ және Көкшетау қ. «Алатау School» ЖШС). Қазіргі уақытта өтініштер «Е-лицензиялау» порталына берілді, берілген құжаттар біліктілік талаптарына сәйкес қаралып жатыр.
Сондай-ақ, 3 мектепте лицензияға қосымша жоқ: Целиноград ауданы Қараменді батыр а. орта мектебі, Раздольное а. негізгі мектебі, Зеренді ауданы Бәйтерек а. орта мектебі.
Департамент мамандықтар бойынша лицензияларға қосымшаларды қайтару бойынша жұмыс жүргізуде, онда оқушылар саны жоқ және білім беру қызметі жүргізілмейді. Ағымдағы жылдың 1 маусымына 11 колледж 36 мамандық бойынша 46 біліктілікке қосымшаларды қайтарып берді.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша апостиль қоюға – 95 құжат, оның ішінде апостиль қоюға – 74, апостиль қоюдан бас тартуға – 21 құжат берілді.
Түрлері бойынша білім туралы құжаттарға апостиль қойылды: мектеп аттестаттары – 21, ЖОО дипломдары – 17, ТжКБ дипломдары – 18, басқа құжаттар-18.
Австрия – 3, Италия – 3, Литва – 1, АҚШ – 1, Чехия – 3, ресей – 2, Түркия – 3, Оңтүстік Корея – 6, Польша – 5, Германия-19 елдеріне сапарлары бойынша жеке тұлғалардың білімі туралы құжаттарына апостиль қойылды.
Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша Департамент облыстың білім беру саласындағы келесі проблемалық мәселелерді анықтады.
- Облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі ұйымдардың болмауы.
- Облыста МЖМБС және МТО оқу бағдарламасы толық көлемде іске асырылмайтын 145 толық емес күн болатын шағын орталықтар бар.
- Облыстың 542 мектебінің ішінде қазақ тілінде оқытатын мектептердің үлесі 28% -құрайды (151 қазақ тілінде оқытатын мектеп, 179 (33%) - орыс тілінде және 39% - аралас тілде оқытатын 212 мектеп).
- 352 шағын жинақты мектептің 117-сі «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативі» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №185 бұйрығына сәйкес келмейді.
- Облыстың 65% немесе 352 мектебі шағын жинақталған, онда 23 133 оқушы оқиды. Бұл мектептерде ОЖЖ сәйкес оқу жүктемесі аз пәндерді (физика, химия, биология, география, көркем еңбек, музыка) мамандар жүргізбейді.
- 355 мектепте интернет жылдамдығы мектептердің ауысымдылығын ескере отырып, ҚР ПМ №85 бұйрығының талаптарына сәйкес келмейді. Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін сапасыз көрсету кезінде интернет-провайдердің жауапкершілігі көзделмеген.
- 106 бастауыш және негізгі шағын мектептерде мектеп кітапханалары жоқ.
- Облыстың 40 мектебі орталықтандырылған сумен жабдықталмаған (әкелінетін су), сондықтан санитарлық тораптардың жұмысы санитарлық нормаларға сәйкес келмейді.
- 1 маусымға 129 бірінші басшы лауазымы (89 мектептерде және ППТК - да, 29 мектепке дейінгі ұйымдарда, 3 колледжде, 8 қосымша білім беру ұйымдарында).
Облыстағы білім берудің проблемалық мәселелерін шешу бойынша Жол картасын әзірлеуді ұсынамыз.