Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру және педагогикалық әдеп нормаларын сақтау бойынша профилактикалық жұмыс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру және педагогикалық әдеп нормаларын сақтау бойынша профилактикалық жұмыс

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары А.И.Мадибаев 2023 жылғы 18 мамырда жұмыс сапары барысында Сандықтау ауданы Балкашино ауылының №1 ЖББМ педагогтарымен кездесті. Кездесу барысында мектеп әкімшілігімен және педагогтарымен жергілікті жерлерде "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңын іске асыру, педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері талқыланды. Бітіру іс – шаралары - соңғы қоңырау, бітіру кештері қарсаңында олар мектепке немесе мұғалімдерге сыйлықтар үшін ақша жинауға тыйым салуды тағы бір рет еске салып, ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне назар аударды.