Сандықтау ауданы Балкашино ауылының №2 ЖББМ педагогтарымен кездесу

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары А.И.Мадибаев 2023 жылғы 18 мамырда жұмыс сапары барысында Сандықтау ауданы Балкашино ауылының №2 ЖББМ педагогтарымен кездесті. Балкашино ауылының №2 ЖББМ Ақмола облысының білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың тамыз айында мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Мектеп әкімшілігімен және педагогтарымен кездесу барысында аттестаттаудан өту рәсімі бойынша түсініктемелер берілді, білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауының сапалы материалын дайындауға ерекше назар аударылды. Мектеп педагогтарымен "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңын іске асырылуы, әсіресе педагогтардың жазғы демалысы кезіндегі педагогикалық әдепті сақтау мәселелері талқыланды.