Педагогтің білімін бағалау рәсімін өту барысында педагогикалық әдепті сақтау бойынша түсіндірме жұмыс

Педагогтің білімін бағалау рәсімін өту барысында педагогикалық әдепті сақтау бойынша түсіндірме жұмыс

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тесттер бойынша педагогтер педагогтің білімін бағалау рәсімінен өтеді. Ақмола облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес басшы орынбасарының м. а. А.И.Мадибаев ағымды жылдың 25 сәуірінде Көкшетау қаласының Юстади филиалында педагогтердің білімін бағалау рәсімінен өту кезінде бұйрық талаптарын, педагогикалық әдеп нормаларын және академиялық адалдықты сақтау бойынша педагогтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, талапты бұзудың салдарын, яғни тест нәтижелерінің жойылуы, педагогикалық әдепті бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолдану туралы еске салды.