Ақмола облысының БССҚД басшысы О.К.Каппасовтың баяндамасы

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Қ. Қаппасов жұмыс жоспарына сәйкес Көкшетау қаласының білім бөлімінің басшысы және қызметкерлерімен, мектептердің, балабақшалардың, қосымша білім беру ұйымдарының басшыларымен және қамқоршылық кеңестердің өкілдерімен кеңес өткізді.
О. К. Қаппасов өз сөзінде кеңеске қатысушылардың назарын қала мен аймақтың білім берудегі келесі проблемалық мәселелеріне аударды:
- жаңадан ашылған білім беру ұйымдарын лицензиялау;
- рұқсат беру және хабарлау рәсімдері;
- өзін-өзі бағалау материалдарын сапалы дайындау;
- Қазақстан Республикасы «Педагог мәртебесі туралы"» Заңының талаптарын сақтау және педагогтерді өзіне тән емес функцияларды орындауға тартпау;
- педагогикалық әдепті сақтау және педагог мәртебесін арттыру;
- педагогикалық әдеп бойынша және Қамқоршылық Кеңестердің жұмысы. - ТЖ жағдайларында жедел ақпарат беру;
- білім беру ұйымдары басшыларының ротациялары;
- педагогтерді конкурстық негізде қабылдау;
- жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерін оқыту сапасы, оның ішінде ағылшын тілінде;
педагогтерді құқықтық оқыту;
- ББЖМ дайындау және өткізу;
- қазақ тілінде оқытатын сыныптар мен мектепке дейінгі топтар санын көбейту;
- білім беру ұйымдарында қауіпсіз және санитарлық жағдайлар жасау;
- ҰБДБ-да деректерді толтырудың дұрыстығы мен толықтығы;
-толық емес күн болатын шағын орталықтардың жұмысы;
- «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру;
- мектепішілік бақылау;
Департамент басшысы аталған проблемалық мәселелерді шешуде бірлескен өзара іс-қимылға шақырды.
Кеңес шеңберінде Көкшетау қаласының педагогтеріне мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу кезінде сарапшылар ретінде сапалы және кәсіби жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің алғыс хаттары табыс етілді.