Меню

Страницы

Статья

2024 ЖЫЛЫ 3000 ЖАҢА МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫ ДАЯРЛАНАДЫ

Биыл бірінші басшылардың Республикалық кадр резервіне 3000 үміткерді оқыту жоспарланған. Оның ішінде орта білім беру ұйымдарының 2500 үміткері, мектепке дейінгі білім берудің 200 үміткері және ТжКББ ұйымдарының 300 үміткері бар. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«208 үміткер бірінші басшылардың республикалық кадр резервіне енгізілді. Конкурстық комиссияның ұсынымы бойынша кадр резервіне алынған адамдар мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымына конкурстық рәсімдерден өтпей тағайындалады», – деп атап өтті Орта білім беру комитеті басқармасының басшысы Айман Дүйсембаева.

Қазіргі уақытта облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларында бос жұмыс орындары бар, сондай-ақ «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынып жатқан мектептерге бірінші басшылардың бос лауазымдарына резервшілерді тағайындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Резервшілерді қызметке тағайындағаннан кейін бір күнтізбелік жыл ішінде «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының сүйемелдеу кезеңі жоспарланған.

Дата публикации
14 февраля 2024
Дата обновления
14 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 ноября 2025
2025 жылдың қараша айынан бастап департамент мамандары сарапшылармен бірлесіп білім беру ұйымдарының қызметін оларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді бастады. 🎯 Тексерулердің мақсаты — білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарының жұмыс тиімділігін арттыру және олардың қызметін белгіленген мемлекеттік стандарттарға сәйкестендіру.
Ақпарат
14 февраля 2024
2024 ЖЫЛЫ 3000 ЖАҢА МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫ ДАЯРЛАНАДЫ
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы