Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2026 жылғы 9 қазанда білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Е.Каратаев пен бас маманы Л.Кализина Ақтөбе облысының білім басқармасының бас маманы А. Газизованың қатысуымен Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың 50 меңгерушісі мен әдіскеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесудің негізгі мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау тәртібін түсіндіру және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығының талаптарын кеңінен таныстыру. Аталған бұйрықта жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілген. Түсіндіру жұмыстары барысында қатысушыларға лицензиялау талаптары мен қажетті құжаттар бойынша ақпарат беріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылды. Сонымен қатар қатысушылардың ұсыныстары тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының заңнама талаптарын дұрыс түсінуіне, лицензиялау рәсімдеріне дайындық деңгейін арттыруға және білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталды.