Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларының талаптары таныстырылды

Жарияланған күні: 02 қыркүйек 2026

Бүгін 2026 жылғы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау тізіміне енгізілген Ақтөбе облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен өткізілген семинар (онлайн, офлайн) барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидалары» таныстырылды.

📌Қағида «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленіп, тиісті деңгейдегі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайтындығы атап өтілді.

📌Мемлекеттік аттестаттау – білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған білім берудің сапасы мен қолжетімділігін кешенді түрде бағалау рәсімі.

📍Осы рәсім негізінде білім беру ұйымдары өзін өзі бағалау жүргізеді. Атқарылған бағалау жұмыстары электронды форматта Департаментке ұсынылады.

📌Департамент ұсынылған өзін өзі бағалау материалдарын жан жақты қарап, заңнама талаптарына сәйкестігін анықтайды.

✅Семинар барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері жаңа қағида талаптарына сәйкес сұрақтар қойып, кері байланыс жасады.

❗️Сонымен қатар, аталмыш шараны жүргізуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында семинар қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адал еңбек ету, заңды сақтау, әділдік қағидаттарын ұстану туралы мағұлматтар берілді.