Конституцияны талқылау конференциясы

Жарияланған күні: 16 мамыр 2026

2026 жылдың 15 мамыр күні Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті нің басшысы Г.Сарсенаглиеваның төрағалығымен «Қазақстандағы білім беру саясатының конституциялық негіздері: нормалардан тәжірибеге дейін» тақырыбында конференция өткізді.
Конференцияның мақсаты: білім беру үдерісіне конституциялық қағидаттарды тиімді енгізу арқылы білім сапасын арттыру және білім алушылар мен педагогтердің құқықтық қорғалуын күшейту жолдарын айқындау.
Жиын барысында аталған тақырып бойынша Ақтөбе облыстық Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Ақтөбе облысының мәслихат депутаты Б.Қалмағанбетов, Ардагер – ұстаз М.Малайдар, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), доцент. Айнур Жарылғасынқызы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ректорының кеңесшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Мұхтаров, "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы" ҚБ-заңгері Н.Жетпісбай өз баяндамаларында кеңінен тоқталды.
Конституцияға енгізілген өзгерістер педагог қауымы арасында талқыланып, сұрақтарға жауап берілді.