Ақтөбе орта мектебіндегі кездесу

Жарияланған күні: 03 сәуір 2026

Ағымдағы жылдың 13 наурызында «Мемлекеттік қызмет - ел тірегі» апталығы шеңберінде 10–11-сынып оқушыларымен Ақтөбе орта мектебінде ұйымдастырылған шараға Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ж.Жаманова арнайы қатысып, мемлекеттік қызметтегі өз тәжірибесімен бөлісіп, сұхбат жүргізді. 🔰Іс-шараның негізгі мақсаты - оқушыларға мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру, мемлекеттік қызметшінің кәсіби жолымен таныстыру және оқушылардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына ықпал ету.
📍Кездесу барысында Ж.Жаманова өзінің еңбек жолы, мемлекеттік қызметке келу жолы және мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызы туралы айтып, оқушыларға болашақ мамандық таңдауға байланысты кеңестер берді. 📍Оқушылар көкейтесті сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызмет саласына қатысты маңызды ақпараттар алды. Кездесу ашық, пікір алмасу форматында өтті.