Келешек мектептерінде зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін Ақтөбе қаласындағы келешек мектептерінің бірі — №80 жалпы білім беретін орта мектепте мониторинг аясында білім беру үдерісінің ұйымдастырылуы, оқу-тәрбие жұмысының сапасы, білім алушылардың қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуы жан-жақты қарастырылды.
Зерделеу жұмыстарына Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалының, Облыстық білім басқармасының өкілдері және балалардың құқықтарын қорғау бойынша өңірлік уәкілі қатысып, мектептің күнделікті жұмысымен, ішкі тәртіппен және білім беру ортасының жай-күйімен танысты. Қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар мен әдістемелік бағыт-бағдарлар берілді.
Атап өткен жөн, Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы негізінде Ақтөбе өңіріндегі Келешек мектептері бойынша атқарылып жатқан зерделеу жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.