⚜️2025 жылдың 25-28 тамыз аралығында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» тақырыбы аясында Байғанин ауданының білім бөліміне қарасты барлық 22 мектепте “Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары” тақырыбында жаңа 2025-2026 оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңестері өтті

Жарияланған күні: 14 қаңтар 2026

❇️Кеңестің негізгі мақсаты - мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету және жаңа оқу жылында педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін айқындау.
❇️Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы.
2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы.
3. Мектептің ұйымдастырушылық - шаруашылық қызметі туралы.

❇️Кеңеске Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы- Колкабаев Бекмұрат Терекбайұлы қатысып, педагогикалық ұжымға «Педагог мәртебесі туралы» Заңы аясында педагогтың кәсіби құқығын қорғау, қызметіне тән емес міндеттерден босату, педагог мамандығының беделін көтеру, сонымен қатар заңда көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

📌Педагогикалық кеңес соңында күн тәтібінде қаралған мәселелерге сәйкес қаулы қабылданды.

@oqu_agartu_ministrligi