Ұстаздар күні мерекесіне орай “Ұстазға тағзым – ұлы мәртебе” тақырыбындағы мерекелік шара өтті

Жарияланған күні: 27 қараша 2025
🔰Аталмыш шараға ардагер-ұстаздар, Департамент қызметкерлерін білім нәрімен сусындатқан, білім жолына жетелеген, білім сарайының құлпын ашып, мектеп өнегесін өмір өнегесімен ұластырған ұстаздары және Департамент тарапынан өткізілетін мемлекеттік бақылау шараларына үлкен белсенділік танытып, өздерінің білімі мен білігін көрсетіп жүрген сарапшы-ұстаздар шақырылды.
🔰Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева мерекелік шараға шақырылған ұстаздар қауымын төл мерекемен құттықтады.
🔰Ұстаздарға Алғыс хаттар мен сыйлық табысталды
🎼Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.