Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» челленджін жариялайды
Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» челленджін жариялайдыЕліміз бойынша 25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында «Ұстаз - ұлт шамшырағы» декадасы өтеді. Өңірлерде күн сайын педагогтерге арналған мерекелік және тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл бастама педагог мәртебесін көтеруге, ұстаз мамандығын кеңінен насихаттауға, оның қоғамға ерекше маңызын көрсетуге бағытталған.Ұстаздық - мамандық қана емес, ұлы мақсат, үлкен миссия. Педагогтер өскелең ұрпақты тәрбиелеп, ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастырады, әр баланың өз жолын табуына ықпалдасады. Қазіргі таңда еліміздегі 22 мыңнан аса білім беру ұйымында 6 миллионға жуық оқушыға тәлім-тәрбие беріп отырған 600 мың педагог қызмет етеді. Оқу-ағарту министрлігі «Ұстаз - ұлт шамшырағы» декадасы аясында «Ұстазыңды құттықта!» челленджін жариялайды. Бұл шара педагогтерге құрмет пен алғыс білдіруге, сондай-ақ білім алушы мен қоғам тынысы үшін мұғалімдердің еңбегі қаншалықты маңызды екенін көрсетуді мақсат етеді.✅Челленджге барлық ниет білдіруші қосыла алады:* әлеуметтік желілерде хэштег қою арқылы құттықтаулар жариялау;* өз ұстазыңызға қоңырау шалып жылы лебізіңізді білдіру;* ашықхат жіберіп, естеліктермен бөлісе аласыз.#ұстазыңдықұттықта