Абай облысының Ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған колледждердің келісу комиссиясы мүшелеріне арналған семинар-тренинг

Дата публикации: 16 сентября 2025

Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Масалимова Абай облысының Ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған колледждердің келісу комиссиясы мүшелеріне арналған семинар-тренингіне қатысты.
Іс-шара барысында департамент басшысы Б. Масалимова педагог мәртебесінің маңыздылығына және олардың қоғамдағы рөліне тоқталды. Педагог мәртебесі заңы және педагогикалық әдептердің сақталуына баса назар аударды. Ол өз сөзінде Департаментке келіп түсетін өтініштердің ішінде жеке еңбек дауларына қатысты шағымдар да болатынын айтып, мұндай жағдайларда кәсіподақ ұйымының және келісу комиссиясының маңызды рөлін ерекше атап көрсетті. Себебі, бұл құрылымдар дауларды сотқа дейін шешуге және тараптар арасындағы түсіністікті арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл шара білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастарын нығайтуға және әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болды.