ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті өндеу өнеркәсібі жобалары басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Тау-кен ісі
- Металлургия
- Машина жасау
- Аспап жасау
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Функционалды міндеттер
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;
Басқарманың іс қағаздарын жүргізу;
белгіленген мерзімдерде бақылаудағы құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығын Үкімет отырыстары, селекторлық мәжілістері Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдармен қамтамасыз ету;
Министрліктің құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және оларға сараптама жүргізуге қатысу;
Басқарманың құжаттарын бекітілген іс номенклатурасына сәйкес мұрағатқа уақытылы және дұрыс беру (тапсыру) жұмысын ұйымдастыру;
Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.10.2022
- Кабанбай батыра 32/1 (онлайн)
-
983-359