Индустриялық даму комитеті Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Кеден ісі
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Авиациялық техника және технологиялар
- Аспап жасау
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Техникалық физика
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Функционалды міндеттер
Лицензиялар және екінші санатты рұқсаттарды беру кезінде немесе беруден бас тарту туралы біліктілік және рұқсат талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу:
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өнімдердің транзитіне, өнімдерді қайта өңдеуге арналған рұқсаттар, кепілдемелік міндеттемелер (түпкілікті тұтынушы сертификаттары);
тауарларды, технологияларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылауға жататын өнімдерге жатқызу туралы қорытындылар;
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қарауға және лицензиаттардың белгіленген біліктілік талаптарын сақтауына лицензиялық бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы заңнамаларын лицензиаттар мен екінші санатты рұқсат иелерінің бұзуы туралы хаттамаларды толтыруға қатысу;
экспорттық бақылау және лицензиялау саласында, сондай-ақ үздік халықаралық тәжірибелер негізінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
экспорттық бақылау және лицензиялау саласындағы комиссиялардың (комитеттердің, жұмыс топтарының) жұмысы үшін есептер, баяндамалар және өзге де құжаттар дайындауға қатысу;
шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен экспорттық бақылау саласында ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша материалдар мен ұсыныстар дайындаға қатысу.
Басқарманың құжаттарын бекітілген іс номенклатурасына сәйкес мұрағатқа уақытылы беру (тапсыру) жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.10.2022
- Кабанбай батыра 32/1 (онлайн)
-
983-359