ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті қаржы- әкімшілік, құқықтық жұмыс және қоғамдық коммуникациялар басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 5 ақпанға дейін)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
236336
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Комитеттің алдағы үш жылдық кезеңге арналған Комитеттің 001 бюджеттік бағдарламасы (104,111,123 кіші бағдарламалар) бойынша бюджеттік өтінімді қалыптастыру және жинақтау, сондай-ақ ағымдағы кезең бойынша бюджетті нақтылау;
- ҚР Үкіметіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің жобасын дайындау;
- Комитеттің бюджет қаражатын игеруді қамтамасыз ету, игеру мониторингі, апта сайын, ай сайын игеру бойынша есептерді тапсыру;
-Тоқсан сайын және жыл сайын мынадай нысандар бойынша статистикалық есептілікті жасау және тапсыру: 11 (жылдық), 1-инвест (айлық және жылдық), 3-информ (жылдық); 7-ТБ және өзге де қаржылық есептілік нысаны бойынша ҚР Ұлттық Банкіне Халықаралық операциялар туралы есеп;
- Комитеттің бухгалтерлік және құрылтай құжаттарының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
- Комитеттің іссапар шығыстарын есепке алу, іссапар шығыстары бойынша аванстық төлемдерді төлеу, аванстық есептерді қабылдау, жасау, растайтын құжаттарды ұсыну дұрыстығын тексеру, іссапар қаражатын төлеу, №8 мемориалдық ордер жасау;
- Жеткізушілермен есеп айырысу, шарттарды тіркеу, растайтын құжаттар негізінде Комитеттің қаржыландыру жоспарына сәйкес тауарларға, көрсетілетін қызметтерге және жұмыстарға ақы төлеу, жеткізушілермен салыстырып тексеру;
- Іс-шаралар бойынша басшылықта және жауапты тұлғаларда орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактураларды келісу;
- Растау құжаттамасын жүйеден түсіру ESF.KZ шарттардың талаптарына сәйкестігін, толықтығын, дұрыстығын тексеру, 1С-бухгалтерияға тарату, №6 мемориалдық ордер жасау;
- Жүйеде төлемдер жүргізу, "Қазынашылық-клиент" жүйесінде жұмыс істеу, есептілікті жинау және қалыптастыру, №2 мемориалдық ордер жасау;
- Қолма-қол ақшаны бақылау шотын есепке алу. Мемлекеттік сатып алу бойынша кепілдік жарнаның сомасын қайтару;
- 164 "Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның ЭЫДҰ бастамалары мен құралдарына қатысуын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша шетел валютасында операциялар жүргізу;
- Ведомстволық бағынысты кәсіпорындар бойынша негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, тауарлық-материалдық құндылықтарды есептен шығару, сондай-ақ Мемлекеттік мүлікпен келісу;
- Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сұрауларға жауап, Жоғары тұрған мемлекеттік органдармен хат алмасу, ведомстволық бағынысты ұйымдармен хат алмасу, басқа мемлекеттік органдармен, заңды және жеке тұлғалармен хат алмасу;
- Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 15.08.2022
- Кабанбай батыра 32/1 (Онлайн)
-
983-359