ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті Қара металлургия және көмір өнеркәсібі басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
208061
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Математика
- Физика
- Химия
- Құқықтану
- Экономика
- Механика
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Металлургия
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Машина жасау
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Пайдалы қазбаларды байыту
- маркшейдрлік ісі
Функционалды міндеттер
Тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және көмір өнеркәсібі) бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру және олардың орындалуын үйлестіру;
қара металлургия және көмір өнеркәсібінің өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу, саланың даму үрдістері мен серпінін анықтау;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды қарауды ұйымдастыру;
индикативтік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
тау-кен металлургия саласын дамытудың өңірлік саясатын іске асыруға қатысу;
мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға қатысу;
бизнес-жобалар бойынша салалық қорытындылар дайындау;
тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және көмір өнеркәсібі) мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу);
тау-кен металлургия өнеркәсібі мәселелері бойынша конгрестерді, форумдарды және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу;
салалық ведомствоаралық комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру және қатысу;
тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және көмір өнеркәсібі) саласындағы бюджеттік бағдарламаларды сүйемелдеу;
Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін мониторингілеу және үйлестіру;
тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және көмір өнеркәсібі) саласында техникалық регламенттерді әзірлеу;
тау-кен металлургия кешені (қара металлургия және көмір өнеркәсібі) кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру және мониторингілеу);
тау-кен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық және өндірістік көрсеткіштеріне талдау жүргізу (қара металлургия және көмір өнеркәсібі);
кәсіпорындардың (қара металлургия және көмір өнеркәсібі) жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
тау-кен металлургия өнеркәсібінде инновациялық жобаларды жандандыру, жаңа технологиялық салуларды енгізу, жаңа қайта бөлулерді игеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
бюджет қаражатына орындалған ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелеріне мемлекеттік технологиялық сараптама жүргізу және оларды одан әрі өнеркәсіптік игеру және енгізу үшін ұсынымдар беру;
тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және көмір өнеркәсібі) саласындағы жұмыс берушілермен және кәсіподақтармен әлеуметтік серіктестік бойынша жұмысты ұйымдастыру;
ірі және орта, оның ішінде тоқтап тұрған, өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс орындарын қалпына келтіру және құру мониторингі, халықаралық шарттар мен келісімдердің жобаларын дайындауға қатысу;
қара металлургия және көмір өнеркәсібінің құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету, қорытынды, актілер, құжаттар, анықтамалар мен толлингтік операцияларды беру;
Басқарманың құжаттарын мұрағатқа уақытылы беру (тапсыру) бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 15.08.2022
- Кабанбай батыра 32/1 (онлайн)
-
983-359