ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті химия өнеркәсібі басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2023 жылғы 5 қарашаға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

208061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Физика
  • Химия
  • Биология
  • Құқықтану
  • Ядролық физика
  • Экология
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Металлургия
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)

Функционалды міндеттер

Химия өнеркәсібіндегі дамудың мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын әзірлеуге және келісуге қатысу;

республика бойынша химия өнеркәсібін дамытудың экономикалық және өндірістік көрсеткіштерін талдау;

мұрағатқа басқарманың құжаттарын уақытылы беру (тапсыру)  жұмысын ұйымдастыру;

индустриялық даму мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің қорытындыларын әзірлеуге және дайындауға қатысу;

Химия өнеркәсібі мәселелері бойынша салалық (өңірлік) бағдарламалардың, іс-шаралар жоспарларының және басқа да директивті құжаттардың жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 29.06.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.06.2022 – 11.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

14.07.2022

Сұхбаттасу орны

Кабанбай батыра 32/1 (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

983-359