ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті химия өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 22 тамызға дейін)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Физика
- Химия
- Биология
- Экономика
- Есеп және аудит
- Ядролық физика
- Экология
- Металлургия
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Функционалды міндеттер
Химия өнеркәсібі саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын әзірлеуге қатысу;
мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
химия өнеркәсібіндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды әзірлеуді және дайындауды жүзеге асырады;
химия өнеркәсібі саласында заңнаманы жетілдіруге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
химия өнеркәсібі бойынша ұсыныстарға талдау өткізу және енгізу;
салалық қауымдастықтармен және кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасасу;
химия өнеркәсібінде мемлекеттік реттеуді жақсарту бойынша ұсыныстарды жасау;
талдау ақпаратын үйлестіру, мониторингтеу, дайындау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту мәселелері бойынша басшылыққа ұсыныс енгізу;
Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 14.06.2022
- Кабанбай батыра 32/1 (онлайн)
-
983-359