ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті қаржы, әкімшілік-кадрлық, құқықтық жұмыс және қоғамдық коммуникациялар басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Комитеттің дамуға арналған бюджеттерін (облыстық бюджеттерді дамытуға арналған нысаналы трансферттер, бюджеттік кредиттеу, жарғылық капиталды ұлғайту) бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджетті жоспарлау;
Алдағы жылға арналған бюджетті қалыптастыру және республикалық бюджетті нақтылау кезінде Комитеттің бюджеттік өтінімін қалыптастыру;
Министрліктің Стратегиялық жоспарының (БОР) 7-бөлімін Комитеттің барлық бюджеттік бағдарламалары бойынша әзірлеу және оны орындау;
Нәтижеге бағытталған бюджет көрсеткіштерінің орындалуына Мониторинг жүргізу. (БОР);
Тексеру жүргізу кезінде тексерушілермен, қадағалау органдарымен жұмыс, талап етілетін құжаттамамен толық қамтамасыз ету.
Базалық қаржыландыру бойынша есепті дайындау.
ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын талдау;
Шетелдік іссапарлар бойынша 005, 006 бюджеттік бағдарламаны жоспарлау жане жүргізу;
Салалық бюджеттік іс-шаралар бойынша шарттар жасасу, бюджеттік өтінімге сәйкестігі тұрғысынан техникалық ерекшелікті тексеру және келісу, Шарттарды Қазынашылық органдарында тіркеу, мемлекеттік қызмет порталында көрсетілген қызметтер мен жұмыстардың актілерін қабылдау;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да заңды және жеке тұлғалармен хат алмасуды жүзеге асыру;
Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Практикалық тәжірибесі: мүмкіндігінше функционалдық міндеттеріне сәйкес жұмыс тәжірибесінің болуы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 14.04.2022
- Нұр-Сұлтан қ. Кабанбай батыра 32/1 (онлайн)
-
648-526