Теңізде мұнай операцияларының жүргізілуінің өнеркәсіптік қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау бөлімі (уақытша, 14.11.2020ж. дейін бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Автоматтандыру және басқару
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Мұнай газ ісі
  • Металлургия
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Теңіз техникасы мен технологиялар
  • Аспап жасау
  • Жылу энергетикасы
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Қосымша талаптар

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Функционалды міндеттер

Қадағалайтын салаларда мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етуге қатысады; қадағалайтын салаларда техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысады; қадағалайтын салаларда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ақпараттық-талдау жұмысын жүзеге асырады; қадағалайтын салаларда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

Өнеркәсіп саласында қадағалайтын қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметтерді қадағалауды жүзеге асырып, жұмыстарын ұйымдастыру.

Қауіпті өндірістік объектілерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады; Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға енгізу кезінде қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруларға қатысады; Қауіпті өндірістік объектілердің лаңкестіктен қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады; Екі және одан да көп облыстар шегінде орналасқан қауіпті өндірістік объектілерді, сондай-ақ стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы қарастырады; Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың өтініштерін уақытылы қарауды қамтамасыз етеді; Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асырады; Қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылы мен аварияға қарсы жаттығу жүргізуге қатысады;қауіпті техникалық құрылғыларды және қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланушы мекемелер мен ұйымдардың аварияға және олардың салдарын болдырмау, жою жұмысына дайындығы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады; Қауіпті өндірістік объектілердің заңды тұлғалары басшыларының, сондай-ақ көрсетілген заңды тұлғалардың тұрақты қолданыстағы емтихан комиссиялары мүшелерінің білімдеріне тексеру жүргізеді; Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзіреті шегінде аварияларды тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;

Адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ерекше жағдайларда, соттың шешімінсіз дербес кәсіпкерлердің, ұйымдардың кауіпті қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрып немесе тыйым салып, міндетті түрде көрсетілген мерзімде сотқа талап арыз жолдайды;

Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жүргізуді жүзеге асырады.

Белгіленген тәртіпке сай өз құзыреті шегінде қадағалауды және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалардың талаптарының сақталуы бойынша тексерудің өзге түрі болып табылатын тексерістерді жүзеге асырады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында анықталған кемшіліктерге, тексеру актісі мен басқа да құжаттарға нұсқама береді. 

Өндірістік қауіпсіздік саласындағы тексерістің нәтижесі бойынша техникалық кеңестер өткізеді және ұйымдастырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына шығып сөйлейді, өнеркәсіп қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы мақалалар береді, сонымен қатар дөңгелек үстелдер және өзге де шараларды ұйымдастырады. Өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қабылдайды; Департаменттің мамандары арасында жемқорлыққа қарсы ішкі мониторинг жүргізеді; Өз құзыреті шегінде Министрліктің, Комитет және Департамент басшылығының тапсырмаларын орындайды, Қазақстан Республикасының заңдылығымен белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады. Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларын және Комитет пен Департаменттің жұмыс жоспарларын іске асыруға қатысады; Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің, Департаменттің, Комитеттің, Министрліктің жұмыс жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

Еңбек тәртібін және қызмет этика ережесін сақтап бұлжытпай орындауға міндетті.                                                                       

Бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес қызметтік міндеттердің және тапсырмалардың орындалуы туралы бөлім басшысына баяндайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 24.06.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.06.2020 – 03.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.07.2020

Сұхбаттасу орны

г.Атырау, улица Ауэзова, 53 «А»

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7122) 45-01-63, 45-01-67