ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті қаржы, әкімшілік-кадрлық, құқықтық жұмыс және қоғамдық коммуникациялар басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
422434
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
-Басқарманың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
-Бюджеттік заңнамаға сәйкес Комитеттің бюджетін қалыптастыру және орындау;
-Комитеттің бухгалтерлік есебін, қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыру;
-Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттың ұтымды пайдаланылуын жүзеге асыру; тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;
-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметін үйлестіру;
-«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кадр қызметі функцияларының орындалуын қамтамасыз ету;
- құжат айналымын ұйымдастыру;
-әкімшілік жұмыстарды ұйымдастыру;
-қоғамдық байланыс бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
-Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, орталық мемлекеттік органдармен және басқа да заңды және жеке тұлғалармен хат алмасуды жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру;
-Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Практикалық тәжірибесі: Функционалдық міндеттеріне сәйкес жұмыс тәжірибесінің болуы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 05.04.2022
- Нұр-Сұлтан қ. Кабанбай батыра 32/1 (онлайн)
-
648-526