ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті қаржы, әкімшілік-кадрлық, құқықтық жұмыс және қоғамдық коммуникациялар басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзыретіне жататын өтініштер мен өзге де құжаттарды қарау;

Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру бойынша Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

Комитет құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысу;

Комитет басшылығына қол қоюға ұсынылатын хаттар мен құқықтық сипаттағы өзге де құжаттаманы сараптау;

құқықтық мәселелерді қарау кезінде сот органдарында, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда Комитеттің мүдделерін білдіру; Мемлекеттік органдардың заң қызметтері туралы Үлгілік ережеде көзделген және Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 29.03.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.03.2022 – 07.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

12.04.2022

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ. Кабанбай батыра 32/1 (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

648-526