ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті Құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің демалысы мерзіміне 2023 жылғы 2 наурызға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

268342

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Қаржы
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Функционалды міндеттер

Құрылыс индустриясы, ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі саласында заңнаманы жетілдіруге бағытталған мәселелер бойынша  орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсыныстарын әзірлеуге қатысу;

мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

жетекшілік ететін өнеркәсіп саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды әзірлеуді және дайындауды жүзеге асыру;

жетекшілік ететін өнеркәсіп саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

салалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізу;

салалық қауымдастықтармен және кәсіпорындармен өзара іс-қимыл;

құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік реттеуді жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Практикалық тәжірибесі: Мүмкіндігінше құрылыс индустриясы және (немесе) ағаш өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс тәжірибесінің болуы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.03.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.03.2022 – 15.03.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

16.03.2022

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ. Кабанбай батыра 32/1 (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

64-85-26