Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті әкімшілік-қаржылық жұмыс бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын жоспарлау және ұйымдарстыру; өз құзыреті шегінде Департамент жұмысына қатысты мәселелерді қарауға қатысу және олар бойынша шешім қабылдау; Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) тапсырмаларын орындау, бөлім қызметкерлерінен Министрліктің және Комитеттің тапсырмаларын тиісінше орындауды талап ету; Департаменттің қызметкерлерімен жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау бойынша бақылау – профилактикалық жұмыстардың нысандары мен әдістерін жетілдіру жұмысын ұйымдастыру; бұйрықтардың жобаларын дайындау; кадр саясатын конкурстық іріктеу негізінде жүргізу, «Е-қызмет» жүйесінде кадр құжаттамасын жүргізу, кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру, кадрлардың кәсіби өсуін қамтамасыз ету, конкурстық, аттестаттық және тәртіптік комиссияның жұмысын ұйымдастыру; Департамент құжаттамасы жүргізілуін қадағалау; Департаменттің қаржы-шаруашылық жұмысын ұйымдастыруды бақылау; Департаменттің мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын дайындау жұмысына қатысу; Департамент қызметкерлеріне департамент жұмысын атқару барысында заңгерлік көмек көрсету; Бөлім ережесіне сәйкес өзге де функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.05.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.05.2020 – 19.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

22.05.2020

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Досмухамедов көш. 16 үй

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама телефоны: 87112508222, факс: 87112508222