Индустриялық даму комитеті Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2025 жылғы 25 сәуiрге дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Ядролық физика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Авиациялық техника және технологиялар
  • Аспап жасау
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Техникалық физика
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
  • Ғарыш техникасы және технологиялары

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Мүмкіндігінше ағылшын тілін білуі. 

Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; Басқарманың Жол картасын, алдағы кезеңге арналған операциялық және стратегиялық жоспарларын әзірлеуге қатысу;

оларды іске асыру қорытындылары бойынша есептер ресімдеу; лицензиялау және экспорттық бақылау саласында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және әдістемелік ұсынымдарды, соның ішінде үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, белгіленген тәртіппен әзірлеу;

экспорттық бақылауға және лицензиялауға қатысты басқа мемлекеттік органдар әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қорытындылар дайындау;

өнімдердің Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге транзитіне, реэкспортына, қайта өңдеуге рұқсат беруді, кепілдемелік міндеттемелерді (түпкілікті тұтынушы сертификаттарын) беру кезінде біліктілік және рұқсат талаптарына сәйкестігіне бақылау жүргізу;

тауарлардың, өнімдердің және жекелеген қызмет түрлерінің экспорты мен импортын лицензиялау;

лицензиаттардың және екінші санатты рұқсат иелерінің белгіленген біліктілік және рұқсат талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

лицензиаттардың Қазақстан Республикасының рұқсаттама және хабарлама саласындағы заңнамасын бұзғандығы туралы хаттамалар толтыру;

экспорттық бақылау және лицензиялау мәселелері бойынша сот процестеріне қатысу;

рұқсат құжаттары саласындағы комиссиялардың, комитеттердің, жұмыс топтарының жұмысы үшін есептер, баяндамалар және өзге де құжаттар дайындау;

экспорт және импорт кезінде лицензиялауға жататын өнімнің тізімін әзірлеуге қатысу;

тауарларды, жұмыстарды, ақпараттарды экспорттық бақылауға жататын өнімдерге жатқызу туралы қорытындылар беру;

Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру. 

Практикалық тәжірибесі: Мүмкіндігінше ағылшын тілін білуі. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.11.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.11.2021 – 15.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

17.11.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ. Кабанбай батыра 32/1 (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

75-48-67