ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті Түсті металлургия және сирек кездесетін металлдар басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
  • Геология
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
  • Математика
  • Физика
  • Химия
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Механика
  • Ядролық физика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Металлургия
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Аспап жасау
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Пайдалы қазбаларды байыту
  • Қаржы
  • Инновациялық менеджмент
  • маркшейдрлік ісі

Функционалды міндеттер

Тау-кен металлургия өнеркәсібі (түсті металлургия және сирек металдар) бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру және олардың орындалуын үйлестіру;

басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету;

басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды қарауды ұйымдастыру;

нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

бизнес-жобалар бойынша салалық қорытындылар дайындау;

тау-кен металлургия өнеркәсібі (түсті металлургия және сирек металдар) мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу);

тау-кен металлургия өнеркәсібі мәселелері бойынша конгрестерді, форумдарды және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу;

ведомствоаралық комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру және қатысу;

тау-кен металлургия өнеркәсібі (түсті металлургия және сирек металдар) саласындағы бюджеттік бағдарламаларды сүйемелдеу;

Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін мониторингілеу және үйлестіру;

тау-кен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық және өндірістік көрсеткіштеріне талдау жүргізу (түсті металлургия және сирек металдар);

тау-кен металлургия өнеркәсібінде инновациялық жобаларды жандандыру, жаңа технологиялық салуларды енгізу, жаңа қайта бөлулерді игеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

тау-кен металлургия өнеркәсібі (түсті металлургия) саласындағы жұмыс берушілермен және кәсіподақтармен әлеуметтік серіктестік бойынша жұмысты ұйымдастыру;

түсті металлургия және сирек металдар құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсету, қорытындылар, актілер, құжаттар мен толлингтік операцияларды беру;

Басқарманың құжаттарын мұрағатқа уақытылы беру (тапсыру) бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Практикалық тәжірибесі:  Компьютерде жұмыс істей білуі.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 26.10.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.10.2021 – 04.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

05.11.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ. Кабанбай батыра 32/1 (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

75-48-67