ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті Жеңіл өнеркәсіп басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
- Экономика
- Есеп және аудит
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы
- Қаржы
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Функционалды міндеттер
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың жеңіл өнеркәсіп саласындағы заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарын әзірлеуге қатысу;
жеңіл өнеркәсіпті дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар әзірлеуді және дайындауды жүзеге асыру;
жеңіл өнеркәсіп саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына талдау жүргізу;
Қазақстан Республикасының кеден аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы қорытындыларды беру;
мемлекеттік органдармен және ұйымдармен жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жүргізу;
жеңіл өнеркәсіпті дамытуды қалыптастыру және ынталандыру бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Практикалық тәжірибесі: Жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс өтілінің болуы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 13.09.2021
- Нұр-Сұлтан қ. Кабанбай батыра 32/1 (онлайн)
-
75-48-67